Көкшетаулық Мереке Тұрашев – «Ақмола Барысы»  атанды

«Айнакөл» қонақүй кешені аумағында ұйымдастырылған сайысқа облыстың əр өңірінен келген 28 спортшы алтын белбеуді сарапқа салды. Шараға қатысқан аймақ басшысы Мəлік Мырзалин жарыстың маңыздылығын айта келе, балуандарға бозкілемде сəттілік тіледі.

«Елбасы атап өткендей, салт-дәстүр мен мəдениет – бұл ұлттың генетикалық коды. Қазақ күресі сияқты ұлттық спорт түрімен облыста 6 мыңнан астам адамның айналысатыны қуантады. Халқымыздың мақтанышына айналған Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақтың ізін жалғап жүрген қазақ күресінен республика чемпиондары Нұрлан Жамалов, Бекбол Нұрланұлы, Леонид Станеев  сияқты облыста балуандар баршылық», – деп атап өтті аймақ басшысы өз сөзінде. Жарыс қорытындысы бойынша ең ауыр салмақта белдескен түйе балуан күресінде ерейментаулық Ербол Нұрланұлы үшінші (200 мың теңге жүлде), ақкөлдік Қайрат Махтин екінші (400 мың теңге жүлде) орынға лайық деп танылса, бас жүлде – автокөлік көкшетаулық балуан Мереке Тұрашевке бұйырды. Енді Мереке мен Қайрат «Қазақстан барысы» турнирінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий