Көкшетаулық ұстаз топ жарды

Ақмола облысының жас мұғалімдері үшін «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсу үшін жағдай жасау және оларды облыстың білім беру мекемелерінде бекіту және жастар жылына арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде педагогтардың инновациялық белсенділігін дамыту. Аға ұрпақтың тәжірибесі жастардың күш-қуатымен үйлесімді үйлескен қоғам, әдетте, табысты болады. Сондықтан да байқауға қатысушылар алдында педагогикалық еңбек ардагері, білім беру ісінің үздігі О.Мырзагелдинова мен Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары В.Гамазов сөз сөйледі. «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауында біздің облысымыздың 17 өңірінің 3 жылдан аспайтын еңбек өтілі бар ең үздік жас мұғалімдер өздерінің кәсіби шеберлігін көрсетті. Қызықты материалды ұсыну, креативті ойлау, өзін-өзі таныстыру және бейтаныс сыныптағы ашық сабақтарда ұсынылатын материалға инновациялық көзқарас қазылар алқасының мүшелерін де, олармен жұмыс істеген оқушыларды да бей-жай қалдырмады.
Сабақтар бір демде, ойдағыдай өтті. Жиырма минут ішінде жас мұғалімдер балаларға қиын тақырыпты қалай түсіндіруге болатынын, педагогтың ғажайыптарды қалай жасауға болатынын көрсете отырып, өз идеяларымен, қолданатын әдіс-тәсілдердің қарапайымдылығымен таңғалдырды. Қазіргі мек-тептегі мұғалімнің рөлі туралы эссе жазған байқауға қатысушылар өздерінің инновациялық идеяларымен, креативті ойларымен, білім беру мазмұнының жаңартылған жағдайында заманауи мұғалім қандай болуы тиіс деген көзқарастарымен бөлісті. Облыстың жас педагогтары қатысқан байқаудың үш кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: ІІІ дәрежелі дипломмен Көкшетау қ. ІТ мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі Толғанай Асылбек, ІІ дәрежелі дип-ломмен Целиноград ауданы Қосшы ауылындағы №2 ОМ физика пәнінің мұғалімі Рауан Бейсенбаев, І дәрежелі дипломмен Жақсы ауданы Запорожье ОМ тарих пәнінің мұғалімі Алтынбек Қайыржанов марапатталды.
Міне, осы жеңімпаздар республикалық байқауда Ақмола облысының намысын қорғап, Көкшетау қаласындағы ІТ мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі Толғанай Асылбек ІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Ғайни Дүйсенова,
облыстық білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий