Көкшетау – көк карағай мекені

Облыс орталығында «Көкшетау – көк қарағай мекені» экологиялық акциясы өтті. Өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесі ұйымдастырған акция барысында №4 орта мектептің алдына 30 түп қарағай отырғызылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырып өткізілген игілікті шараға орман шаруашылығы саласының ардагері Шабдан Тоқмурзин, облыстық «Рухани жаңғыру» жоба кеңсесінің басшысы Марал Жақыпова қатысты. «Акцияны жыл бойы өткізу дәстүрі қалыптасып, оны қала тұрғындары, шағын және ірі кәсіпорындардың өкілдері, мемлекеттік меке-мелердің қызметкерлері қолдайды деп үміттенеміз. Биыл отырғызған 30 қарағай көшетінің саны келесі жылы
үш жүзге жетуге жазсын. Мұн-дай іс-шара қоғамымызда экологиялық мәдениетті көтеруге ықпал етеді», – деп атап өтті Марал Жақыпова. Сонымен қатар, ол осынау акцияға қолдау көрсеткен облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен Көкшетау қалалық әкімдігіне алғысын жеткізді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий