Көкшетау техникалық институтына Мәлік Ғабдуллиннің есімі берілді

Облыс орталығындағы техникалық институтына Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы мәртебесі берілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті. Аталған оқу орны 1973 жылдан бері төтенше жағдай мамандарын дайындап келеді.

Осы жылы Алматы қаласынан Көкшетауға Қазақ КСР ІІМ басқармасының әскерилендірілген өрт күзетінің оқу жасағы көшіріледі. Кейін өрт күзетінің кіші және орта басшы құрамын даярлау және қайта даярлау мектебіне, кейін ҚР ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесінің Көкшетау филиалына айналды. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Көкшетау техникалық институты болып қайта аталды. Ал, 2004 жылдың 29 қыркүйегінен бастап ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты болып тіркелді. «Бүгінгі күні институт 4 білім беру бағдарламасы бойынша білікті мамандарды даярлайды: «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық құтқару ісі» және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі». Институтта күндізгі, қашықтықтан оқыту, қосымша білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеттері жұмыс істейді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий