Көкшетау техникалық институтын 102 түлек бітіріп, диплом алды

       24 маусымда Тәуелсіздік алаңында азаматтық қорғаныс саласында білікті мамандар даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны – Көкшетау техникалық институтында жас офицерлердің кезекті шығарылымына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Викторович Ильин, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Жаңбыршыұлы Нүркенов және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

DSC_офицер

Көкшетау техникалық институты ағымдағы жылы адамдардың өмірін құтқарып, ұлттық байлықты қорғап, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына қатысатын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша 102 түлекті тәрбиелеп шығарды. Сонымен қатар биыл Қазақстан мен Қырғызстанның халықаралық келісімдері бойынша Кырғызстанның Төтенше жағдай министрлігі үшін екі маман даярланды. Осындай ынтымақтастық нәтижесінде Көкшетау техникалық институты атынан 19 курсант Ресей Төтенше жағдай министрлігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясы мен Азаматтық қорғаныс академиясына жіберілді. Жоғары білім алған бұл түлектердің барлығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аймақтық бөлімшелеріне жіберіледі. 

Институтты бітіруге арналған іс-шара жылдағы дәстүр бойынша Көкшетау техникалық институты мен Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы гарнизонының өрт сөндіру және құтқару техникасын көрсетуден басталды. Сонымен бірге түлектердің ата-аналары, туған-туыстары институттың көпжылдық тарихымен танысты. Олардың назарларына оқу мекемесінің тарихы және қызметі жайында деректі фильм көрсетілді. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин институт түлектері – жас лейтенанттарды оқуларын табысты аяқтауымен, өрт қауісіздігіндегі инженер квалификациясы және бірінші офицерлік атақты алуларымен құттықтады. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Нүркенов өз сөзінде Көкшетау техникалық институтының түлектерін жоғары кәсіби білім алуларымен құттықтап, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға елеулі үлес қосатындықтарына сенім білдірді. Бұдан кейін Ю.Ильин мен Н.Нүркенов ерекше көзге түскен түлектерге дипломдарды табыс етті. 2016 жылғы түлектер атынан Жауынгерлік тумен қоштасу құқығы азаматтық қорғау лейтананты Абылай Баяновқа берілді. Ол 4 жыл бойы курс старшинасының көмекшісі болып, институтта өткізілген барлық іс-шараларға белсене қатысып, құрбыларына үлгіөнеге бола білді. Қалыптасқан дәстүр бойынша түлектер қоштасу вальсін биледі, аспанға курсанттық өмірмен және оқу орнымен қоштасуды, жаңа өмірге қадам басқанын бейнелейтін шардан жасалған курсанттық погон композициясы ұшырылды. Соңғы рет жас лейтенанттар жалпы курсанттық салтанатты шерумен өтіп, офицерлердің тарихи міндеттемесіне сай «Ақшаға емес, ар-намысқа қызмет ету» деген ескі офицерлік міндеттемені білдіретін көкке күміс ақша шашты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс