Көкшетау қаласын сумен жабдықтауға 3,3 млрд. теңге инвестиция тартылмақ

Өңір басшысы Мәлік Мырзалин облыс орталығын сумен жабдықтау, суды бұру және жылумен қамту, коммуналдық инфрақұрылымын дамыту бойынша Европа қайта құру және даму банкі өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында облыс әкімі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы өзара ынтымақтастық мәселесіне назар аударды.

Қазір Көкшетау қаласында 160 мыңға жуық адам тұратынын және басты мәселе халықты сапалы ауыз сумен қамту екенін айта келе, «Бүгінгі таңда қалаға су беру және оның сапасына қатысты проблемаларды сумен жабдықтау және су тазарту құрылғыларын жетілдіру жүйесін инвестициялау арқылы жедел түрде шешу – басты мақсатымыз. Сонымен қатар су тарифін өсірмеу де маңызды», – деді өз сөзінде өңір басшысы.
Өз кезегінде Европа қайта құру және даму банкінің директоры А. Прейманис өзара ынтымақтастыққа дайын екенін айтты. Әрі қазіргі таңда Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағытында 16 жоба жүзеге асып жатыр. А. Прейманистің айтуынша, Көкшетау қаласын сумен жабдықтау жүйесін жетілдіру бойынша жобаның техникалық-экономикалық негізіне дайындық шаралары аяқталып келеді.
Айта кету керек, облыс әкімдігі тарапынан «Көкшетау қаласын сумен жабдықтау және суды бұру жүйесін қайта құру» жобасын аяқтау үшін 3,3 миллиард теңгенің инвестициясына қаржы тартылмақ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс