Көкшетау құрылысшылар қолымен жаңаруда

Облыс орталығы Көк-шетауда ауқымды жобалар жүзеге асырылып, құрылыс саласы жыл өткен сайын қарыштап даму үстiнде. Аймақтағы компаниялардың қатысуы-мен шаһарда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Мемлекеттiк бағдарламалар аясында маңызды нысандар, жаңа тұрғын үйлер саны артпақ.

DSC_7081Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Марат Әубәкіровтың мәлімдеуінше, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы бо-йынша өңірде биыл 570,3 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілмекші. 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында 277,4 мың шаршы метр тұрғын үйге 2375 отбасы қоныстанған. Республика бойынша тұрғын үймен қамту рейтингісінде біздің облыс қазір 7-ші орында тұр. Соңғы үш жыл ішінде баспанамен қамту мәселесінде өсу қарқыны байқалады. Биылғы жылдың екінші жыртыжылдығында 292,9 мың шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға беру қарастырылып отыр, оның 33 мың шаршы метрі арендалық, 51,7 мың шаршы метрі несиелік, 64,1 мың шаршы метрі коммерциялық.
«Нұрлы жер» бағ-дарламасы аясында Көкшетау қаласында 135,3 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланыпты. Биыл Көкшетауда пайдалануға берілетін бас-пана аумағының көлемі былтырғы салыстырмалы кезеңнен 1,5 есеге көп екен. Биыл жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 38 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 20-сы жалдамалы үйлер, 13-і несиелік, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 4 тұрғын үй және тағы бір бағдарламалық үй салынуда.
Биыл күзде Көкшетауда өтетін Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумы қарсаңында бірқатар маңызды нысандар бой көтеруде. Қазіргі уақытта «Сарыарқа» шағын ауданы ауқымды құрылыс алаңына айналған. Форум нысандарынан бөлек 38,6 га аумақта көппәтерлі тұрғын үйлер салынуда.
Форумға арнап салынып жатқан «Болашақ» сарайы 14 мың шаршы метр аумақты қамтиды. Құрылыс жобасы жетекшісінің орынбасары Руслан Тоқпанбаевтың айтуынша, жұмыс кестеге сай жүруде. «А» блогында ішкі әрлеу жұмыстары басталған. «Б» блогы бо-йынша жүзу бассейнінің қажетті материалдары да-
йындалуда. «Санаулы айлар ғана қалғандықтан, құрылыс қарқынын жылдамдату қажет. Қазан айында құрал-жабдықтар орнатылады. Форум аясында амфитеатр, спорттық алаңдар, демалушылар үшін басқа нысандар салынуда. Сондай-ақ, айналма жол құрылысы да қолға алынып отыр. Қазірдің өзінде болашақ амфитеатр, спорттық және ойын алаңдарының сұлбасы көрініп, жолдар пайда болды. Алда әрлеу, абаттандыру, спорттық құралдар, орындықтар орнату, жарықтандыру жұмыстары тұр», – дейді ол.
Қан орталығынан бастап Қылшақты өзеніне дейінгі жол жөндеу жұмыстарына және жаңа көпірдің құрылысына қазынадан
1 млрд 150 мың теңге бөлінді. Қопа көлінің жағасындағы жекеменшік үйлер сүріліп, орнына жаңа нысандар бой көтереді, жолдар жөнделіп жатыр. Тиісті жұмыстар кезең-кезеңмен атқарылуда.
Құрылысшылардың еңбек іздері мыңдаған тұрғын үйлер мен түрлі қызмет көрсету ғимараттарында, мыңдаған мектептер мен балабақша, ауруханалар мен емханаларда, мыңдаған шақырым жолдарда сайрап жатыр. Көк аспанмен таласа бой көтерген сәулетті құрылыстар, әсем ғимараттар, сәулетті сарайлар мен көпқабатты баспаналардың барлығы құрыш­қолды құрылысшылардың ерен еңбегі.

Әсем ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий