«Көкше серілерінің» алғашқы жеңісі

«Көкше серілері» көңілді тапқырлар командасы 2018 жылы «Көкше» мәдениет үйінің жанынан құрылған. Команда капитаны Аманкелді Манарбек. Ең алғаш «Әзіл әлемі» театрының директоры «Көңілді тапқырлар алаңы» телевизиялық жобасының жетекшісі Тұрсынбек Қабатовтың КТА жобасына қатысу идеясы да осы команда капитанына тиесілі. Аз уақытта Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжін бітірген түлектердің басын қосып аталмыш құрама дайындық жұмыстарын бастап кетті. «Көкше серілері» стилі де, бағыты да өзгеше құрылған команда.
IMG_1642Бұл жігіттер солтүстік өңірімізді қазақы қырынан танытып, серілердің серілігін, батырлығын нақышына келтіріп, салт-дәстүрге қағытпа қалжың мен астарлы әзілдері мен ұшқыр ойын қосуларының арқасында 2018 жылы «Көңілді тапқырлар алаңы» жобасына ерекше сілкініс енгізіп, жаңаша жаңалық сыйлап бірден әділ қазы алқасының жанарын жаулап алды. Аталмыш жобада республикамыз бойынша барлық облыстар мен қалалардан еліне, жеріне деген ықыластары мен сүйіспеншіліктері бар өрімдей жастар келіп қатысатын керемет жоба. Ал, солтүстік өңірден команданың қатысып, телевизиялық форматқа өтіп ¼ жартылай финалда өнер көрсетуі Көкшетау тарихында бірінші рет. Оның мүшелері Төлепберген Байдәулет, Уәйіс Ерсұлтан, Азамат Қадыл, Мейрамбек Серікұлы. Жігіттер «Көкше» вокалдық тобы ретінде де танымал. Топтың репертуары да ерекше, тек патриоттық әндерге негізделген. Серілер осы уақытқа дейін өзіндік жұмыстар жүргізіп, көкшеліктерге бірнеше шығармашылық концерттерін беріп үлгерген.

Өз тілшіміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий