Көк байрағым желбіресін мәңгілік!

Көкшетауда Мемлекеттік рәміздердің 27 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде облыс әкімі Ермек Маржықпаев Қазақстанның Мемлекет-тік рәміздері Отанға, ел тарихы мен мемлекеттік тілге, мәдениет пен дәстүрге деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі екенін атап өтті. «Осы жылдар ішінде мемлекеттік символдар Қазақстанның айрықша бір брендіне, саяси, әлеуметтік-экономикалық табыстарымыздың айғағына айналды. Бүгінгі таңда Отанымыз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялай отырып, еліміздің жаңа бейнесін қалыптастыруда ең алдымен қазақстандық жастарға айрықша үміт артады. Мемлекеттік рәміздерді қастер тұту және оған құрметпен қарау – әр азаматтың қасиетті борышы мен міндеті. Баршаңызға Отанымыз – тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!» – деді өңір басшысы.
Салтанатты шара барысында Әнұранымызды шырқатып, еліміздің туын көктен түсірмей жүрген әр сала үздіктері мен оқуда озат студент жастарға Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттары тапсырылды.
Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыс орталығының басты көшелерінде Мемлекеттік Туымызды желбіреткен автошеру ұйымдастырылды. Шеруге қатысушылар Тәуелсіздік алаңынан бастап, Абай көшесінің бойымен «Ту тұғырға» дейін Мемлекеттік туды желбіретіп жүріп өтті.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий