Көлік кілттері табыс етілді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі медициналық мекемелерге 8 жылжымалы медициналық кешен, Көкшетау қаласының жедел жәрдем стансасына 38 реанимобиль және 24 патруль автокөлігінің кілтін табыс етті. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясымен күресуге елеулі үлес қосқан 17 медицина қызметкерлері мен қоғамдық тәртіпті қадағалау және құтқару саласының қызметкерлерін «Халық алғысы» медалімен марапаттады.
– Біздің басты міндетіміз – коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу. Осы мақсатта заманауи құрылғылармен жабдықталған медициналық мекеме салынып, материалдық-техникалық база жаңғыртылуда. Бүкіл әлемді жайлаған індетпен күресуде медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшыларының қосып жатқан үлесі зор. Отанымыздың мүддесіне деген адалдықтарыңыз үшін тағы да шынайы риза-шылығымды білдіремін.  Сіздер өз денсаулықтарыңызды тəуекелге тігіп, қауіпті індеттің жайылуын тежеу үшін қолдан келгенді аяп жатқан жоқсыздар. Өңір тұрғындарының денсаулығы мен ақмолалықтардың тыныштығын күзету ісінде сіздердің еңбектеріңіз зор! – деді аймақ басшысы.
Жылжымалы медициналық кешенде науқасты қабылдау, УДЗ, зертхана, окулист, хирург және акушер-гинеколог кабинеттері бар. Дәрі-дәрмек сақтайтын тоңазытқыш пен науқасқа арналған арнайы орындар да жабдықталған. Яғни, кәдімгі емханаларда көрсетілетін қызметтердің барлық түрі қамтылған.
Аудандарға биылғы жылы облыс әкімінің қолдауымен 8 өкпені жасанды желдету аппараттары мен 24 оттегі концентраты, 2 монитор және басқа да медициналық құрылғылар жеткізілген.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий