Көмек берудің тетіктері талқыланды

Өңiр басшысы Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен халыққа атаулы әлеуметтiк көмек тағайындаудың жаңа тетiктерiн енгiзу бойынша кеңес өткiзiлдi.
2020 жылы 5 мың аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (19,3 мың адам) атаулы әлеуметтiк көмек төлеуге барлығы 1,4 млрд. теңге қарастырылған, соның iшiнде кепiлдi арнайы пакетке 195 млн. теңге. «Шағым жоқ, облыста жағдай тұрақты, соған қарамастан бiз барлық мәселелердi, атап айтқанда төлеудiң жаңа жүйесiн егжей-тегжейлi талқылауымыз керек. Мәселелер туындап жатқанын әлеуметтiк желiлерден көрiп отырмыз, сондықтан түсiнiктеме беру жұмыстарын жақсы жүргiзуiмiз қажет», – дедi Ермек Маржықпаев. Облыс әкiмiнiң орынбасары Қ. Ыдырысов өз кезегiнде атаулы әлеуметтiк көмек алатын 4,5 мыңнан аса отбасының балаларына гигиеналық жабдықтар мен азық-түлiк жиынтығы бар кепiлдi арнайы пакет берiлетiнін баяндады. Өңiрiмiзде 2020 жылы жалпыға бiрдей бiлiм беру шеңберiнде облыстық бюджеттен аз қамтамасыз етiлген отбасылардың 9 мың оқушысына тегiн ыстық тамақ ұйымдастыруға 224,3 млн. теңге және мектеп формасы мен кеңселiк тауарлармен қамтамасыз етуге 317,5 млн. теңге қарастырылғанын айта кетуiмiз керек. Кеңестi қорытындылай келе, облыс әкiмi аз қамтамасыз етiлген отбасылардың балалары үшiн кепiлдi арнайы пакеттер жеткiзу мәселелерiн жергiлiктi атқарушы органдар мұқият қарастырулары және барлық деңгейлер әкiмдерiнiң бақылауында болуы қажеттiгiн қадап айтты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий