Көнекөз даналарым аман-сау жүріңізші!

Бір ай бойы әр ұйымда, әр мекемеде қарияларға дастархан жайылып, сый-сыяпат ұсынылып, жәрдем жасалады. «Достар» мәдениет сарайында қарттарды қолдау айлығы аясында қала әкімі Ермек Маржықпаев ардагерлерді құттықтап, аға ұрпақ өкілдеріне белсенділігі үшін алғысын білдірді. Шаһар басшысы атынан ықылас гүлдері табыс етіліп, «Саяжай» атты концерттік бағдарлама қойылды.

DSC_2185Бүгінгі таңда Көкшетау қаласы бойынша 25 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оның 3 мыңы тыл еңбеккері, 32-сі қарт майдангер. Қарияларды қолдау айлығы аясында өткен жылы 30 миллион теңге бөлініп, шипажайларда зейнеткерлер денсаулығын түзеп қайтқан. Ардагерлер ұйымдарына 100 миллион теңге бөлініп, бірмезеттік жәрдемақы төленген. Биыл айлық барысында ардагерлерге көрсетілетін осындай көмек 5000 теңгені құрайтын болады. Қала әкімі Ермек Маржықпаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері баспанамен толық қамтылғанын айтты. Биыл тағы екі қарт майдангерге жаңа пәтердің кілті табыс етіліпті. Шаһар басшысы Социалистік Еңбек Ерлерінің есімдерін ерекше атады. Сондай-ақ, белсенді қариялардың қатардан қалмай, ақылымен де, өмірлік ұстанымдарымен де көпшілікке үлгі болып жүргеніне тоқталды. Әсіресе, спортты сүйетін ардагерлердің қатары өсіп келеді. Мысалы, шахмат пен дойбыдан өтетін турнирлерге үнемі қатысатын қариялар бар. Сонымен қатар асық ату ойынын көпшілікке насихаттап, оның бұқаралылығын арттырып жүрген жандарға да алғыс айтылды. Шаһар басшысы Көкшетау қаласында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Алдағы уақытта сүйікті қаламызды көркейту жолында жоспарланған істер жалғасын табатын болады. Ермек Боранбайұлы Егде адамдарды әлеуметтік қолдау айлығының басталғанын жариялап, оның «Даналық айлығы» деген атауға лайық екенін айтты. Бұл күні «Достар» мәдениет сарайында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан жандарға да қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі атынан сыйлықтар жасалды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс