Көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көкшетаулық көпбалалы аналарға «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төсбелгілерін тапсырды.

Көпбалалы аналарға награда тапсыру салтанаты ерекше бір жүрек тебірентерлік қуанышты жағдайда өтті. Оларды құттықтауға қалалық мәслихаттың депутаттары мен жергілікті билік өкілдерінен басқа жақын-туыстары, жұбайлары балалары бірге қатысты. «Дос-тар» мәдениет сарайының әртістері әннен шашу шашты. Осындай көтеріңкі көңіл-күй үстінде қала әкімі көпбалалы аналардың ұрпақ тәрбиелеу ісіне қосқан үлестерін жүрек тебірене мақтаныш сезіммен айтты. Бұл жолы қала басшысының қолынан «Күміс алқа» төсбелгісін алты бала тәрбиелеген Гүлмира Галимова, Дәмелгүл Манап, Айнұр Мекенбаева, Әсел Ризанова, «Алтын алқа» төсбелгісін Жанар Қалиақбарова, Гүлнар Қожахметова, Әсемгүл Мәдиева алды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс