Көпбалалы отбасыларды қабылдады

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарлары Амангелді Смайылов және Алтынай Әміренова «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалында көпбалалы аналарды қабылдады.

Қабылдауға әлеуметтік мекемелердің, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындардың өкілдері де қатысты. Арнайы мәселемен келген азаматтар өздерінің талабы бойынша соларға барып жолығып, кеңес алып жатты.
Негізгі сауалдар – әлеуметтік мәселелер. Басым көпшілігі үй мәселесімен келді. Тұрғын үй кезектерінің тәртіптерін, оған қалай тұруға болатынын білуге келгендері де бар. Бірсыпырасы жәрдемақы жайын, көпбалалы аналарға қандай жеңілдіктер жасалатынын анықтай түскісі келеді. Жәрдемақы жайлы кеңес сұрай келгендер де жеткілікті. Оларды тиісті мамандар қабылдап, жауап берді. Қабылдауға келген көпбалалы аналардың бірі – Самал Темірханова уақытша туысқандарының пәтерінде тұрады. Төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Жұлдыз Букаева есімді ана да тұрғын үйге мұқтаж жандардың бірі. Балалар үйінің тәрбиеленушісі Анна Штеркель айына 70-80 мың теңгеге үй жалдап тұруға мүмкіндігі жоқтығын айтып көмек сұрады. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған Валентина Иванова, үш баласымен жатақхананың бір бөлмесін жалдап тұрып жатқан Кенжегүл Науқанбайқызы, жеті баланың анасы Эльмира Мусина және тағы басқалары қабылдауға баспана кезегі туралы сұрауға келіпті.
– Қабылдауға келген әр азаматтың мағлұматтарын арнайы құжаттап, біз айтқан мәселелеріне қарай тиісті мамандарға жібереміз. Келушілердің толық мекенжайы, телефондары, қойып отырған мәселесінің қысқаша мазмұны бізде бар. Әрине, біз қолымыздан келгенінше көмектесуге тырысамыз. Ал, өзіміздің шамамыз келмейтін мәселелер болса, оны жазып алып, қала әкімдігіне тапсырамыз. Ол жақта бұл ақпараттар жинақталып, бағыттар бойынша бөлініп, арнайы құрылған жұмыс топтарында қаралады. Әр мәселе сараланады. Мысалы, жәрдемақы мәселесі бөлек қаралады. Тұрғын үй шаруашылық мәселелері бөлек шешіледі. Жергілікті деңгейде шешілетін мәселелердің қайсыбірі осы жерде отырған кәсіпорындар мен мекемелер өкілдері тарапынан да шешімін тауып жатыр. Әрине, күрделі мәселелер қала әкімдігінсіз шешілмейтіні белгілі. Бірақ оларды біз есепке аламыз, кейін хабарласып, жауабын береміз. Қабылдауға келген азаматтар көтерген кейбір ұзақ шешуді қажет ететін де мәселелер бар. Бүгінге дейін тұрғындарды қабылдап, олардың жағдайымен жақын таныстық. Сол бойынша аз қамтылған отбасылар туралы деректер қоры құрылып, біраз мәселелер сарапталды. Бірінші кезекте көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік, көмір және мектепке қажетті құрал-жабдықтар жеткізіліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – дейді қала әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий