Көпбалалы отбасылар баспаналы болды

Көкшетауда Мемле-кеттік Рәміздер күні қарсаңында 70 көп-балалы, толық емес, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар жаңа пәтердің кілтіне ие болды.
40 пәтерлік екі үй «Сарыарқа» мөлтек ауданында мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған. Үй иелерін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жаңа қоныстарымен құттықтап, тұрғындарға пәтер кілттерін табыс етті. «Елімізде ана мен баланы қорғау ерекше
басымдыққа ие. Тәуел-сіздіктің алғашқы жылдарынан түрлі санаттағы азаматтар үшін көптеген мемлекеттік бағдарламалар іске асырылды. Осы ретте облысымызда да тұрғын үйлер бой көтерді. Әлеуметтік мәселелер қашанда мемлекетіміздің басты назарында. Бүгін тапсырылатын үйден 70 пәтер көпбалалы, жетім балалар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға беріледі. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша соңғы екі жыл ішінде 900 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мемлекеттік инвестиция есебінен 11 арендалық, 3 кредиттік үй салынып, 8350 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Облыс орталығындағы жаңа «Сарыарқа» мөлтек ауданы осының айқын дәлелі бола алады. Соңғы бес жылда осы ауданда 200 пәтер пайдалануға берілді. Қазіргі күні 17 үйдің құрылысы жүруде. Нәтижесінде 800 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады», – деді Ермек Маржықпаев.
Жаңа пәтерге ие болғандардың арасында он баланың анасы, «Алтын алқа» иегері Светлана Сәдуақасова да бар. «Пәтер кезегінде 14 жыл тұрдық. Бүгін көптен күткен арманымыз орындалып, отбасымыз қуанышқа кенелген күн»,– деп ақжарма тілегін білдірді ол.
Көпбалалы отбасылар қоғамда айрықша құрметке ие. Бүгінгі күні облыс орталығында 2 мыңнан аса көпбалалы аналар тұрып жатыр. Олардың арасында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері бар. 400-ге жуық көпбалалы отбасылар тұрғын үй кезегінде тұр. Биыл барлық санаттағылар үшін 470 пәтер беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ,
«Тұрғын үй жинақ банкі» салымшылары үшін де үйлер салынады.

Ә.ҚҰЛЖАНОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий