Көпсалалы колледждің қос қуанышы

Астана күні қарсаңында Көкшетауда көңіл қуантарлық шаралар көптеп өтті. Соның бірі – Шоқан Қасым басқаратын көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжінің екі бірдей оқыту нысандарының ашылуы еді.

DSC_9611Алдымен, М.Горький көшесі, 1 г мекен-жайындағы өрттен құтқаруға дайындық спорттық манежі таныстырылды. Оның лентасын Көкшетау техникалық институтының басшысы полковник Сырым Шәріпханов пен көпсалалы колледждің директоры Шоқан Қасым қиды. Бұл туыстас екі оқу орындарының өзара ынтымақтастығының нышаны.Төбесі биік, жабық манеждің ішінде оқушылардың қысы-жазы дайындалуына мүмкіндік бар. Бұл нысанның ең басты ерекшелігі сол. Ал,
үздіксіз дайындалудың нәтижесінде курсанттар өз шеберлігін шыңдап, өрт сөндіруші-құтқарушыға қажет мінез-құлық пен шынығуды қажетті деңгейге жеткізуге болады. Шараға жиналғандар алдында оқу орнының студенттері өрт сөндіру көлігімен кіріп, бұйрық бойынша дайындықтың қалай өтетінін бастан аяқ көрсетіп шықты.

DSC_9679Кең манеждің түбінде төрт қатар үйдің макеті салынған. Спортшылар ондай көпқабатты үйлерге де бірнеше секунд ішінде көтеріле алатындықтарын көрсетті. Келесі нысан колледжге қарасты «Жеке батыр» қонақ үйіне жапсарлас ашылыпты. Шығыс жекпе-жегі, ұлттық спорт түрлерімен айналысуға қолайлы «Ойдене» ғылыми –зерттеу жекпе-жек өнерлері түрлерін зерттеуге арналған зертхана лентасын қолма-қол айқас және әскери самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жасұлан Жантасов пен бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қажымұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер мектебінің жетекшісі Руслан Мусинов қиды. Оқу орны ұжымын бүгінгідей табыстарымен Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов, жастар саясаты басқармасының жетекшісі Ренат Галямов, ғылым доқторы Әбілжан Құсайынов құттықтады.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс