Көрмеге дайындық барысы пысықталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 21 сәуірде Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысы жөніндегі кеңес өткізді. Кеңесте Астана әкімі Ә.Исекешев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы А.Есімов, Энергетика министрі Қ.Бозымбаев және Ішкі істер министрі Қ.Қасымов сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы кеңесте сөйлеген сөзінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығын атап өтіп, қаланы басқарудың барлық саласында қазіргі заманғы цифрлық технологияларды қолдануды, Үкімет Астананы цифрлық технологиялар енгізілетін негізгі алаңға айналдыруы керек. «ЭКСПО» көрмесі аумағында IT-стартаптардың халықаралық технопаркі ашылатын болады. Елбасы Дубай, Гонконг, Сингапур қалаларының үлгісімен дамытуды және онда Еуразия кеңістігі ауқымындағы қаржылық және іскерлік хаб құруды тапсырды. 2030 жылға қарай қала тұрғындарының саны тағы 1 миллион адамға өсуі мүмкін. Бұл қала алдына үнемі жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы ел-жұртты еңбекпен қамтамасыз ету міндетін қояды. Сонымен қатар жыл сайын кем дегенде 2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі қажет. Бас жоспарға енбеген заңсыз құрылыстарды, 15 мың бау-бақша учаскелерін сүру жұмыстарын жандандыру керек. Қаланың орталық аудандарын ескірген үйлерден тазарту қажет. Көрме нысандарының көпшілігінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуге дайын. Сонымен бірге, Конгресс-орталық пен мейрамхананың құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда. Олардың уақытылы тапсырылуын қамтамасыз ету керек. Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының да әуежайлары резерв ретінде қонақтарды күтіп алуға дайын болу керек, – деді Қазақстан Президенті. – Енді көрмені мазмұндық жағынан толтыру мәселесіне келейік. Қатысушы елдер экспозиция жобаларын әлі бекітіп болған жоқ. Барлық шетелдік қатысушылардың өз павильондарын мазмұндық жағынан толтыру процесін тездетуді «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мен Сыртқы істер министрлігіне тапсырамын. Қазақстанның павильонына да ерекше назар аударылады. Оған отандық 28 әзірлеме, соның ішінде жоғары оқу орындарының жобалары іріктеп алынды. Біздің экспонаттар жәдігерлердің халықаралық экспонаттарынан кем түспеуге тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс