Көрмені белсене насихаттайық

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Астана, Алматы және облыс әкімдерінің қатысуымен халықаралық мамандандырылған көрмені ілгерілету жайында кеңес өткізді.

Облыс басшылары көрме нысандарын, павильондарын аралап, билеттік бағдарлама және оның шарттарымен, сондай-ақ, іскерлік және мәдени-сауықтыру бағдарламасымен танысты. Ахметжан Есімов кеңеске қатысушыларға «ЭКСПО-2017»  көрмесінің Елбасының жобасы екендігін еске сала отырып, жергілікті билік өкілдерінің халыққа оның идеясын және ел экономикасына берер пайдасын түсіндірудің маңыздылығын жеткізді. Қазір көрмеге қатысушы барлық елдер өздерінің павильондарын толықтырумен айналысуда. Көрмені өңірлер мен шетелдерде белсенді ілгерілету жүргізіліп жатыр. Осыған орай Ұлттық компания жетекшісі, бірегей шараны аймақтарда насихаттау керектігін атап көрсетті.

Әлемдік бокс жұлдыздары Елордада бас қосады

27 сәуірде WBC Конвенциясының туын «ЭКСПО-2017» көрмесі кеңсесінің штаб-пәтерінде рәсімдеу өткізілді. Өйткені, WBC-тің 55-ші мерейтойлық конвенциясы 31 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» көрмесімен тұспа-тұс өтеді.
Аталған шараға 500 делегат қатыспақ, олардың қатарында әлем чемпиондары, меценаттар, менеджерлер мен промоутерлер бар. Кәсіби бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожиннің айтуынша, қазақстандықтар мен көрме қонақтары әлемдік бокс майталмандарын жақынырақ көру мүмкіндіктеріне ие болмақ. «WBC басшылары Астанаға келуге ынталы былғары қолғап шеберлерінің тізімін жіберді. Олар: Флойд Мейвейзер, Мэнни Пакьяо, Майк Тайсон, Мұхамед Әлидің қызы Лейла Әли. Әйгілі жұлдыздар мен WBC белбеуіне ие барлық чемпиондар, сондай-ақ, Геннадий Головкин де төбе көрсетпек. Жерлесіміз өз жекпе-жегіне дайындық кезеңін бастап кетті. Оның да осы шараға қатысу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», – деп атап өтті Е.Бекхожин. Конвенция аясында қазақстандық және әлемдік жұлдыздардың қатысумен «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында кәсіби бокс кеші өтеді. WBC дәрежесіндегі әлем чемпионы атағын иелену үшін өткізілетін жекпе-жек әлемнің 40-тан астам елінде эфирден көрсетіледі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс