Көрме билеттерін сатып алдыңыз ба?

Ағымдағы жылғы 10 маусымда «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өз жұмысын бастайды. Айтулы бұл шараны өткізуге 100 мемлекет және оннан астам халықаралық ұйым ниет білдіруде.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен Елордамызда өткізілгелі отырған халықаралық бұл көрме – Қазақстанның ұлттық жобасы. Оған 2017 жылғы 22 қарашада өткен халықаралық көрмелер бюросының 152 бас ассамблеясында 161 мемлекеттің 103-і қолдау көрсетті. Еліміздің барлық аймақтарының атсалысуымен көрмеге дайындық жұмыстары күн санап қыза түсуде. Көрменің жоғары деңгейде ұйымшылдықпен өтуі оған келушілердің көптігіне байланысты. Осыған орай республикамыздың барлық аймақтарында көрме билеттерін сату қызу қолға алынған.
Көкшетау қаласы бойынша «Астана ЭКСПО-2017» халық-аралық мамандандырылған көрмесіне билеттер Қазпочта» байланыс бөлімшелері мен «Рио» сауда-сауықтыру орталығында мына күндері сатылады. «Жайлау» мөлтек ауданы 21, дүйсенбі-жұма, 9.00-ден 18.00-сағатқа, Осипенко көшесі 1, дүйсенбі-жұма, 10.00-ден 18.00-сағатқа, 1 Май көшесі 4, дүйсенбі-жұма, 9.00-ден 18.00-сағатқа, «Васильковка» мөлтек ауданы 1, дүйсенбі-жұма, 9.00-ден 18.00-сағатқа, сенбі 9.00-ден 14.00-сағатқа, Абай көшесі 146, дүйсенбі-жұма, 9.00-ден 18.00 сағатқа, сенбі 9.00-ден 14.00-сағатқа, дейін, Сүлейменов көшесі 14, дүйсенбі-жұма, 9.00-ден 18.00 сағатқа, Абылай хан даңғылы 10, дүйсенбі-жұма, 9.00-ден 18.00-сағатқа, сенбі 9.00-ден 14.00-сағатқа дейін. Маяковский көшесі 49, дүйсенбі-жұма, 9.00-ден 18.00-сағатқа, Мир көшесі 23, дүйсенбі-жұма, 9.00-ден 18.00-сағатқа, сенбі 9.00-ден 14.00 сағатқа, Вернадский көшесі 1 дүйсенбі-жұма, 9.00-ден 18.00-сағатқа, сенбі 9.00-ден 13.00-сағатқа, Абай көшесі 36, дүйсенбі-жұма, 9.00-ден 18.00-сағатқа, Пушкин көшесі 46 дүйсенбі-жұма, 9.00-ден 18.00-сағатқа дейін.

Билет бағалары: «Күні жазылмаған жұмыс күндеріндегі билет» – 6000 теңге, «Күні жазылмаған демалыс күндеріндегі билет» – 8000 теңге, «Күні тіркелген билет» –
жұмыс күндері 4000 теңге, демалыс күндері – 6000 теңге. «Арнайы күнге арналған билеттер» – 12000 теңге.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс