Көрме билетін сататын касса

Көкшетаудағы «РИО» сауда-сауықтыру орталығында «ЭКСПО-2017» көрмесіне билет сататын касса ашылды.

Кассир Әйгерім Бекмағамбетованың айтуына қарағанда, бұл касса ақмолалықтар мен көкшетаулықтар үшін 8 наурыздан бастап 10 қыркүйекке дейін демалыссыз жұмыс істейтін болады. Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар, жетім балалар көрмені тегін көре алады. Мектеп оқушылары мен студенттер, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар үшін елу пайыздық жеңілдік жасалады. Касса ашылған күні көрме билетін алғашқы болып алу құрметі Көкшетау қаласының тұрғыны Гүлжихан Сейітқасымоваға бұйырды. Көрме билеттерін сататын осындай кассалар бұған дейін Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Шымкент, Тараз, Талдықорған қалаларында ашылыпты. 25 нау-
рызға дейін республикамыздың барлық аймағында ашылатын болады. Сондай-ақ, көрме билеттері «Қазпочта» бөлімшері мен «Меломан» дүкендерінде сатылады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс