Көңілден шыққан кеш

Қалалық орталық балалар кітапханасында Балалар кітап апталығы ашылды. Танымдық және мерекелік іс-шаралар бір жұма бойы жүргізілмек. Бұл дәстүр 1956 жылдан Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің туған күніне орай атап өтіледі. Кітапхана биылғы апталығын өз оқырмандарына жергілікті балалар жазушысы Серік Жетпісқалиевпен кездесумен бастады. Оның бұған дейін «Бахтияр бұзық бала емес», «Балық аулай барғанда» деп аталатын екі кітабы жарық көрген болатын. Ол жинақтардағы «Күй әперген келісім», «Жылқышының қызы», «Батырлар да бала болған», «Екі қолтырауынның әлегі»,
«Теңіз төріндегі таңға-жайып», тағы басқа ертегі, әңгімелері бірқатар республикалық баспасөз бетте-рінде де жарық көрген. Одан кейінгі уақытта да жазушының қаламынан балаларға арналған тартымды шығармалар туды. Кездесуге қатысқан №3 М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназия оқушылары және «SAPSAN» зияткер-
лікті дамыту мектебінің тыңдаушылары авторға оның шығармалары, олардың кейіпкерлері туралы сұрақтар қойып, «Абай көрсе қайтер ед, Бурабайды?», «Немере» сияқты өлеңдерін жатқа оқыды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий