Лондондағы өнер фестивалі

Ұлыстың Ұлы күніне орай сегізінші рет өткізілген Лондондағы өнер фестиваліне Қазақстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Иран, Түркия, Өзбекстан, Татарстаннан барлығы 2000-дай жастар қатысты.

Қазақстанның мәдениетіне арналған мерекелік шараға қатысқан Лондонда оқитын көкшетаулық дарынды өрен Райымбек Қасенов өз ойын былайша білдірді: «Фестивальді өткізудегі басты мақсат – әр елдің өнері мен мәдениетін, салт-дәстүрін кеңінен насихаттау. Осы мақсатпен біз халқымыздың музыкасы мен биін, ұлттық тағамдары мен зергерлік бұйымдарын кеңінен көрсетуге тырыстық». Иә, жерлесіміз айтса-айтқандай, шараға қатысушылар Орта Азия халықтарының сүйікті тағамдары: бесбармақ, бауырсақ, палау, самса, манты, долма, курутоб, пахлава, т.т. ерекше ықылас танытқан. Көкшетаулық тағы бір студент Әйгерім Тукаеваның айтуына қарағанда, фестивальді өткізуден түскен кірістің біраз бөлігі Орталық Азия аймағындағы балалар үйлеріне, асыранды бала тәрбиелеп отырған отбастарына, мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмек ретінде жұмсалды. Жоғарыда айтып кеткеніміздей бұған дейінгі жеті фестиваль барысында 25 қайырымдылық жоба өтті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс