Майдангерге ілтипат
Бүгінгі таңда облыс орталығында Ұлы Отан соғысының 38 ардагері тұрып жатыр. Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин мен Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев бірнеше ардагердің шаңырағына кіріп, амандық-саулық сұрасып, құттықтап қайтты.
Суретте: Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев Ұлы Отан соғысының ардагері В.Лесничийді мерекемен құттықтауда.