Майдангерлерге арналған музыкалық сәлемдеме

Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесі мен полицейлер, облыстық филармония әншілері бірлесіп, облыс орталығында тұратын қарт майдангерлерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Олар ардагерлерге арналған музыкалық сәлемдемесін әскери әндермен, билермен жеткізді. Бүгінгі күні майдан даласындағы қанды қасап қырғынды көзімен көрген куәгерлер қатары сиреп барады. Көкшетауда 6 соғыс ардагері ғана қалды. 1620703156705Жеңіс жалауын желбіретіп елге аман — есен оралған Асылбек Дәулетов, Саттар Жақанов, Казимир Беймарт, Есқожа Итжанов, Валентина Мазурова, Василий Горбоностарға ерекше құрмет көрсетілді. Үрмелі аспаптар оркестрі мен әншілерді өз ауласында жылы жүзбен қарсы алған қарт майдангерлерге гүл шоқтары табыс етіліп, әндер шырқалды. «Біздің жасымыз тоқсанды алқымдап қалды. Сонау сұрапыл соғыс санамызда үнемі жаңғырып тұрады. Оны ұмыту мүмкін емес. Қанша адамның қаны мен маңдай тері сіңген Жеңіс бұл. Қанша боздақ майдан даласында мерт болды, қаншасы із-түзсіз жоғалды. Олардың рухына тағзым етіп, кейінгі ұрпақтың амандығы жолында құрбан болғандарының есімдерін тасқа қашап жазып, еске алып тұру керек. Дәл бүгін шырқалған әскери әндер бізді қан майданға қайта бір оралтқандай болды. Бейбіт өмірдің қадірін білсін, кейінгі ұрпақ, ол батыр аталарымыздың қан кешіп жүріп әкелген Жеңісі», – дейді көзіне келген жасын қайта-қайта сүрткен ардагер Асылбек Дәулетов. Ал, Казимир Беймарт болса, ашық аспанда еркін қалықтаған құстарға көз салып, алаңсыз ойнап жүрген балалардың күлкісін көріп, аға ұрпақтың жасаған ерлігі зая кетпегенін түсінемін дейді. Сондықтан жадымыздан мәңгі өшпейтін сұм соғыстың зардабы мен адам баласына әкелген қасіреті аналардың көз жасымен, балалардың жетімдігімен, шейіт болған боз-
дақтардың арман-тілегімен астасып жатыр. Олар бір-бірінен бөліп қарамайтын ұғымдар.
Қарт майдангерлер мамырдың жаймашуақ күнінде өздеріне көңіл-күй сыйлап, қадірін арттырған жандарға алғысын жеткізді. Бұл күні көкшетаулықтар облыс орталығындағы «Мәңгілік алауға» барып, батырлар рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий