Майдангерлерге – құрмет

Көкшетаулық 24 Ұлы Отан соғысының ардагеріне 250 мың теңгеден ақшалай көмек көрсетілді. Қала әкімі Ермек Маржықпаев әкімдік мәжілісінде бірреттік бұл төлемнің Жеңіс күні мерекесіне орай көрсетіліп отырғандығын атап өтті. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Қали Ахметовтың айтуынша, майдангерлерден бөлек басқа санаттағылар да Жеңіс күніне орай бірреттік ақшалай көмек алған. Ленинград блокадасының екі тұрғынына, 14 концлагерь тұтқыны мен 97 тыл еңбеккерлеріне қалалық бюджеттен 20 мың теңгеден бөлінді. Сондай-ақ, майдангерлердің жесірлері мен тылда еңбек еткен 1707 адамға 10 мың теңгеден әлеуметтік көмек берілді. Қалалық бюджеттен осы мақсатқа 25 миллион 890 мың теңге қарастырылған.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий