Майдан әндері шырқалды

Мереке қарсаңында қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесі №12 және №8 маршруттағы автобус-тарда арнайы акция ұйымдастырды. Осы екі қоғамдық көлік арнайы безендіріліп, «Жеңіс автобусы» деген айдар тағылды. Жүргізуші, кондуктор, кітапхана қызметкерлері әскери киім киіп, қолында гармоны бар музыкантты алып, жолаушылармен бірге майдан әндерін шырқады. Автобусқа мінген қала тұрғындарына Ұлы Отан соғысына қатысты сауалдар қойылып, жауап бергендерге сыйлықтар үлестірілді. Майдан даласында жауынгерлерді жігерлендірген «Катюша», «В землянке», «День Победы» сияқты бәріне таныс әндер орындалды. Акция «Сейнұр» және «Көкшетау автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің көмегімен жүргізілді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий