Маман даярлауға арналған маңызды жоба

Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы елімізді дамудың даңғыл жолына бастар құнды құжат екені айқын. Елбасы берген тапсырманы тиянақты орындап, Білім саласы да қарышты қадам жасауда. Бүгін аталмыш министрлікке қарайтын «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз мәслихаты болып, елімізде үшінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан «WorldSkills Kazakhstan» жобасы туралы кеңінен баяндалды.

«Worldskills —мақсаты жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. 75 қатысушы мемлекеттегі өндіріс саласындағы дәстүрлі қол өнерден көп бейінді кәсіпке дейінгі және қызмет көрсету саласындағы қозғалыс, WorldSkills әлемнің барлық кәсіптік білімнің дамуына тура әсер етеді. WorldSkills чемпионаттары екі жылда бір рет әр мемлекеттерде болады, оған 22 жасқа дейінгі колледж және университет студенттері, білікті жас мамандар, сонымен қатар танымал мамандар, кәсіпқойлар, өндірістік оқыту шеберлері мен тапсырмаларды орындауды бағалайтын сарапшы ретіндегі нұсқаушылар қатысады. Үміткерлер WorldSkills 75 қатысушы мемлекеттердің өңірлік кәсіптік чемпионаттарынан іріктеледі. Олар өздерінің шынайылылыққа максималды жақын тапсырмаларды шеше отырып, жеке және ұжымдық сапасын, техникалық қабілеттерін көрсетеді. Командалар нәтижелері тек қатысушылардың жеке кәсіби сапасы туралы ғана емес, сондай-ақ жеке кәсіптік дайындық деңгейі мен қатысушылардың келген елінің қызмет көрсету сапасының деңгейі туралы көрсетеді.2014 жылы Қазақстан WorldSkills Ассоциациясының 70-ші қатысушы-мемлекеті болып тіркелді. 2015 жылы Қазақстанда WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өткізілді. 2016 жылғы Ұлттық чемпионат нәтижесінде құрылған Ұлттық құрам мүшелері EuroSkills халықаралық чемпионатына «кірпіш қалау», «құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары», «плиткамен қаптау», «дәнекерлеу жұмыстары», «электр монтаждау жұмыстары» 5 құзыреттілік бойынша қатысты.WorldSkills Kazakhstan миссиясы  — кәсіптік бағдар механизмін, мамандарды даярлау, сарапшылар қауымдастықты құру және еңбек өнімділігін арттыруды қоса алғанда, халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша өндіріс орындары саласын жоғары технологиялық мамандармен қамтамасыз ету механизмін құруға үлкен үлес қосады», деді Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті халықаралық жобалар және серіктестік бағдарламасының басшысы Рауза Ширгатова.

Және де, жиын барысында «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрғали Рымғалиұлы бұл ретте холдингтің атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.

«Жаңа индустрияға ең қажеттілер өндірісті көтеретін, жұмыс берушілердің талабына сай келетін мамандар болу керек. Сондықтан біз біріншіден білім берудің мазмұнына жаңартуға қараймыз. Себебі, өндірістегі техникалық өзгеруге байланысты мазмұнда өзгереді. Сондықтан білім мазмұны да содан қалмай қатар жүріп отыру керек. Екінші, оқу-әдістемелік құралдармен толық қамту. Үшінші, сабақ беретін инженер-педагогтардың білім деңгейін көтеру және жұмыс берушілермен қоян-қолтық байланыс жасау», деді ол.

Сонымен қатар ол, дуалды оқытудың мәні мен маңызына тоқталып, кеңінен түсіндіріп өтті.

«Қазіргі уақытта елімізде 400-ден астам колледж дуалды оқытумен айналысады. 2300-дей жұмыс орындары біржағынан ат салысуда. Ол білікті маман даярлауда маңызды қадам дей аламын. Сол себепті біз биылдан бастап дуалдық оқытуға қатысатын жұмыс орындарына әдістемелік көмек көрсетіп ат салысқымыз келеді» деді Нұрғали Рымғалиұлы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс