Маска тағу міндеттелді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой көшеде маска тағу халыққа неліктен міндеттеліп отырғанын түсіндірді. «Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тәулігіне 1500-1600 адам деңгейінде тұрақталып қалды. Мәселен, Нұр-Сұлтанда жедел жәрдемге жүгіну 22 маусымнан 30 шілде аралығында үштен екіге азайды. Сонымен бірге, коронавирус инфекциясы бойынша шақыртулар тәулігіне 500-ден 86-ға дейін төмендеді. Сол секілді жедел жәрдемді шақыру жағдайы 3 мыңнан 1 мыңға дейін түсті. Стационарлардың толымдылығы 96 пайыздан 35,7 пайызға дейін азайды», – деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Министр сонымен қатар, Шымкент қаласында да жедел жәрдем қызметін шақыру деңгейі 43 пайызға кемігенін айтып өтті. «Бүкіл Қазақстан бойынша провизорлық стацио-нарлар да жабылуда. Бұрынғы, яғни қалыпты жұмыс тәртібіне оралып жатыр. Олар қазір резервте. Төсек орындары бо-йынша қосымша қажеттілік туындаған жағдайда олар қосымша жасақталады», – деді ол. Алексей Цой карантин тағы екі аптаға созылатындықтан бүкіл ел болып, кәсіп иелері болып қалыпты өмірге қайту үшін дайындық жұмыстары жүргізілуі керектігін жеткізді. «Бұл ретте мас-каны тағып жүру – КВИ-ді жұқтыру қаупін 30 пайызға азайтады. Осы жайды ескере отырып, 2020 жылдың 30 шілдесінен бастап Денсаулық сақтау министрлігі бұйрық шығарды. Оған сәйкес азаматтар қоғамдық орында, көшеде маска тағып жүруге міндеттеледі», – деді ол. Сондай-ақ, Алексей Цой бүгінгі күні АҚШ-тың 43 штатында, Польшада, Австралияда, Словакия мен Вьетнамда қоғамдық орында маска тағу міндетті екендігін жеткізді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий