Маска тағыңыз
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жас-тар қозғалысы «Маска тағыңыз» акция-сын бастады. Аталған шараның басты мақсаты – халықты карантиндік шараларды сақтап, жеке бас гигиенасын сақтауға шақыру. Бұл күні Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының волонтерлары көше қиылыстарында, автобус аялдамаларында, ірі супермаркеттер алаңдарында «Маска тағыңыз – Носите маску» деген жазуы бар граффитилерді салып шығып, жергілікті тұрғындарға медициналық маска тағу, қолғап кию, зарарсыздандырғыштарды қолдану қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.
Г.БӘЙІШЕВА.