Мас күйінде автокөлік жүргізіп…

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне «қылмыстық құқық бұзушылық» түсінігі енгізілді, ол қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді. Осы Кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. 

Kazhdiy-y-permskiy-shof-r-tai

Ильяс Кәкім,
Көкшетау қалалық сотының судьясы

Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтіретін не адамның жеке басына, ұйымға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту шаралары қолданылады. Кодекстiң Ерекше бөлiгiнде көзделген, формальды түрде, қандай да бiр іс-әрекеттiң белгiлерi бар, бірақ маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қоғамға қауiп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды. Кодексте барлығы 171 қылмыстық теріс қылық көзделген, соның ішінде 58 құрам Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстен ауыстырылды, 9 жаңа және 104 қолданыстағы ауыр емес қылмыс құрамдары енгізілді. Қылмыстық дәрежеге келесі құқық бұзушылықтар жатқызылады: ұрып-соғу; денсаулыққа жеңіл зиян келтiру; соз ауруын жұқтыру; еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтуден жалтару; қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талаптарына бағынбау; бөтеннің мүлкін ұсақ-түйек жымқыру; тарих және мәдениет ескерткіштерін немесе табиғат объектілерін бүлдіру, абаттандыру объектілерін бүлдіру және т.б.
Қылмыстық теріс қылық институтының тиімділігі құқық қолдану тәжірибесімен расталады. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі заңды күші енгенге дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін Қазақстан Рес-публикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 467 бабының 6 бөлігі бо-йынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, санкция бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамауға алуы көзделген.
2015 жылдың 1 қаңтарынан көлік құрал-дарын басқару құқығынан айырылған адамға алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346 бабының
1 бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Оның санкциясы белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткішке немесе 991 000 (тоғыз жүз тоқсан бір мың) теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделген. Осылай, өткен 2015 жылы Көкшетау қалалық сотымен көрсетілген бап бойынша 96 адам (жалпы 297 адам сотталды) сотталды, яғни сотталған адамдардың жалпы санынан 32 па-йыз. Мысалға, Көкшетау қаласының тұрғыны көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра, автомашинасын алкогольдік масаң күйде жүргізіп, Әуезов-Калинин көшелерінің қиылысында автомашинасымен қақтығысқан. Содан кейін полиция қызметкерлерімен ұсталған және көлік құралын басқару құқығынан шеттетілген. Осылайша, ол көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра, көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруға жол берген. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес әлгі азамат жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Көкшетау қалалық соты Қылмыстық кодекстің 346-бабының 1-бөлігі бойынша оны қылмыстық теріс қылық жасауда кінәлі деп танып және осы бап бойынша оған үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырумен 30АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. Заңнамадағы көрсетілген өзгерістерге қарамастан, мас күйде басқарғаны үшін жауапкершіліктің күшейтілгенін және автокөлік құралының жоғары қоғамдық қауіп көзі болып табылатынын біле тұра, автокөлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқару – қоғамға қауіп төндіретін құбылыс.

2015 жылдың 1 қаңтарынан автокөлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346 бабының 1 бөлігі бойынша бес жүз айлық есептік көрсеткішке немесе 991 000 теңге айыпұл салу көзделген

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс