Мақсат – тазалық пен қолайлылық

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев қалалық мекемелер, ведомостволар, барлық бөлімдер басшыларының қатынасуымен жиын өткізді. Онда қала басшысы әр айдың есеп-қисабы, қортындысының ойдағыдай қадағалануы қажеттігін қатаң ескертті. 

Ол – жылды жақсы қорытын-дылаудың негізі. Берілген, жоспарланған тапсырмалар уақтылы, ыждағатпен орындалуы керек. Кейбір немқұрайлылық, жайбасарлық жалпы көрсеткішті кері тартып тұрады. Ондай олқылық ылғи ұшырасып отыр. Сондай-ақ, әкім бүгінгі күні атқарылатын шаруаларға тоқталды.
– Жаз айларында біздің қаламызға шеттен демалысқа келушілердің саны артады. Бурабайға көлікпен барушылар біздің қаламыздың үстінен өтеді. Сондықтан, тәртіп пен тазалыққа, тұрғындар мен қонақтардың лайықты дем алуына қолайлы жағдай туғызылуы керек. Қаланың көрікті орындары, скверлер, субұрқақтар, ескертіктер маңайлары күтімге алынсын. Тазалық, тұрмыстық қалдықтарды шығару дер кезінде жүргізілсін. Қаланың жағажайлары қазір жаңаша жұмыс жасауда. Сол қала іргесіндегі жағажайларда дем алушылардың мәдениетін қалыптастыру да біздің міндетіміз. Судан құтқару қызметі үнемі қырағы болсын. Балалардың жазғы демалысы үнемі қадағалансын. Құрылыс, жөндеу жұмыстары жаз уақытын тиімді пайдаланып, екпінді жүргізілуі керек. Осы сан салалы жұмыстардың бәрінің де жоспары бар. Қай мекеме, бөлім болмасын, сол жоспар кестесінен кешікпесін. Сонда ғана бәрі ойдағыдай болып, біз діттеген межемізді бағындырамыз,- деген Е.Маржықпаев бөлімдер басшыларына арнайы міндеттер жүктеді.

«Көкше-ақпарат»

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий