Мақсат: туристер назарын аудару

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры, ХХ ғасырдағы археологиялық таңғажайып жаңалық – Ботай мәдениетінің авторы Виктор Зайбертпен және «EQUUS» деректі кинотрилогиясының продюсері Нұрбол Баймұқановпен кездесті. Кездесу барысында «Қазақстанның рухани құндылықтары» жобасы аясындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Ақмола облысының әкімдігі ғалымдармен бірлесіп, Бурабайдағы Ботай мәдениетін жаңғыртуды жоспарлап отырғандығына назар аударылды.

Ғалым В.Зайберттің айтуына қарағанда, біздің дәуірімізге дейінгі алты мыңыншы жылдары бүгінгі Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының территориясында тарихи айрықша оқиғалар орын алған. Атап айтқанда, жылқы көлігін транспорт құралы ретінде пайдалану осы кезеңде бастау алды. Бұл орайда Ботай мәдениетінің ғылымға қосар үлесі ерекше. Бұл бағыттағы зерттеу, іздестіру жұмыстарын одан әрі жалғас-
тырып, жаңғырту жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға продюсер Нұрбол Баймұқанов та қатыстырылатын болады. Оның айтуынша, деректі фильмдер арқылы отандастарымыз көне дәуірдегі адамзат тарихының тұтас бір кезеңін көре алады. Соның нәтижесінде Бурабайдағы Ботай мәдениетін жаңғырту ерекше сипат алып, туристерді тартуда айрықша рөл атқармақ. Ақмола жерінде түсірілген «EQUUS» деректі кинотрилогиясында Қазақстанның солтүстік аймағында дүние жүзінде тұңғыш рет атты көлік ретінде ерттеп мінгендігі айтылады. Келешекте бір миллиард адамды қамтуды мақсат еткен бұл фильмді дүние жүзінің 60 елінде көрсету жоспарланыпты. Кездесу барысында Щучье-Бурабай курортты аймағына туристерді тарту жөніндегі бірлескен жоба төңірегінде де әңгіме өрбіді. Өз тарапынан өңір басшысы туристерді тарту үшін барлық мүмкіндіктер тиімді пайдаланылатындығын айта келе, бұл жерде еліміздің бай тарихына қатысты орындардың көп екендігін де атап көрсетті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс