Мақтаныш сезіміне бөлейді

Облыс орталығында туған қаламызға деген мақтаныш сезімін ұялататын сәулеттік әсем шағын мүсіндер көбейіп келеді. Қала әкімі Ермек Маржықпаевтың әлеуметтік желі арқылы жасалған ұсынысына орай мына суреттегі «I Love Kokshetau» жазуы Абылай хан алаңында пайда болды. 

Ару шаһарымыздың атауын әспеттеп тұрған бұл қондырғының орнатылғанына 10 күннің жүзі болғанымен оны қызықтап келушілер күн санап көбейе түсуде. Қала тұрғындарымен бірге меймандар да осы жерге келіп, ескерткішке фотоға түсетін көрінеді. Ортақ игілігіміз үшін жасалған пайдалы да, өнегелі іс болғандықтан аталған қондырғыны бүлдірмей, ұқыптылықпен сақтайықшы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс