Маңызды шешімдер қабылданды

Қала әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Көкшетау қалалық мәслихатының он тоғызыншы кезекті сессиясы өтті. Сессияны қалалық мәслихат хатшысы Бауыржан Ғайса жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – «Көкшетау қалалық білім бөлімі ұсынатын мемлекеттік қызмет сапасы туралы» білім бөлімінің жетекшісі Бейбіт Жүсіповтің есебі тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, былтыр 14462 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Электронды үкімет порталы арқылы – 2004 қызмет ұсынылған. Оның сапасына ай са-йын жоспарлы тексеру жүргізіледі. «Электронды мектеп», «электронды балабақша» жобасы біртіндеп жүзеге асырылатын болады. Бұдан соң қалалық экономика және бюд-
жеттік жоспарлау бөлімінің жетек-шісі Гүлмира Шұқатова «Ауылдық елді мекендерде жұмысқа тұратын денсаулық, білім беру, әлеуметтік қамту, мәдениет, спорт, агроөнер-кәсіп кешені саласы мамандары-на көтермеақы және 2018 жылға тұрғын үй алуға қолдау ұсыну туралы» Көкшетау қалалық мәслиха-тының 14 желтоқсандағы №С-17/3 шешіміне енгізілетін өзгерістер туралы есеп берді. Сессияда көтерілген басқа да мәселелерді қалалық мәслихат депутаттары бір-ауыздан қолдады. Сессия барысында облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалуына байланысты Тимур Ысқақовтың №6 сайлау округі бо-
йынша депутаттық өкілеттігін тоқтату бойынша шешім шығарыл-ды. Қала әкімі Тимур Маратұлын жаңа қызметімен құттықтап, табыс тіледі. Өз кезегінде Т.Ысқақов қай істе болсын жан-жақты қолдау көрсеткен депутаттық корпусқа ризашылығын жеткізді. Сессияда қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Кезекті сессияның төрайымы болып халық қалаулысы Зәуреш Нұрымова сайланды.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий