Маңызды қадамдар жасалады

Қазақстан Халық партиясының өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламасымен медицина мамандарын таныстырды. Көпбейінді облыстық аурухананың ұжымымен кездескен олар өздерінің он бастамасын ұсынды. Спикер ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депу-таттығына кандидат Олжас Сыздықов қатысты. Халық партиясының басты назарға алып отырғаны: денсаулық сақтау мен білім берудің қолжетімділігі әрі сапалылығы, қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешу, лайықты қарттық үшін кепілдік беру, экономиканы жүйелендіру, ауылшаруашылығын дамыту, банктер есебінен несие рақымшылығын жүргізу, салық салудың әділ саясатын қолдану, мемлекеттік шешімдерді іске асырудың ашықтығы мен тиімділігі, сот жүйесінің бейтараптылығы, халықтың рухани мұрасын сақтау. Қазақстан Халық партиясы қарапайым адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жалғастыра отырып, Парламентке барады және бірінші кезекте елдің нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайын түзеуге назар аударады деді өз сөзінде партияластар.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий