Медициналық мекемелер жиырма екі «Жедел жәрдем» автокөлігін алды

Елбасының жыл сайынғы Жолдауынан туындайтын міндеттерге орай халыққа жедел түрде медициналық қызмет көрсету үшін емдеу мекемелерін осызаманғы құрал-жабдықтармен, оның ішінде автокөлікпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл орайда ағымдағы жылға жергілікті бюджеттен 1,7 миллиард теңге қаржы бөлінді.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Гүлнар Құлышеваның қатысуымен 11 мамырда қалалық және аудандық ауруханаларға 22 «Жедел жәрдем» автокөлігін тапсыру рәсімі болды. Салтанатты шарада атап көрсетілгеніндей, жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржының көмегімен емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайы сәтті шешім табуда. Мәселен, өткен жылы бұл мақсатқа 622,1 миллион теңге жұмсалса, ағымдағы жылға 1,7 миллиард теңге қарастырылған.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс