Медицинаны күрделі өзгерістер күтуде

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Көкшетауда жұмыс сапарымен болып, бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады.

Вице-министр №1 қалалық емханада кешенді медициналық ақпараттық жүйесінің енгізілу барысымен танысты. Мұндағы тіркеу орны Сall орталықтары арқылы да жұмыс істейді. Дәрігердің қабылдауына Damuмed мобильді қосымшасы арқылы да жазылуға болады. Емхана науқас туралы мәліметтерді электронды формат арқылы жұмыс істейтін бірыңғай жүйеге көшуде.

Өңірде 28 мың мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрады. Елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында алдағы уақытта мүгедектікті белгілеу шаралары жеңілдетілетін болады. Бұл туралы Светлана Жақыпова қалалық емханада журналистерге берген сұхбатында айтып өтті. Әзірше ол Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында пилоттық жоба ретінде енгізілуде. Вице-министрдің жұмыс сапары қалалық емханада жалғасты. Бүгінгі күні мұнда халықты тіркеу тізімдемесі бойынша 81 мың адам тіркеуде тұр. Жыл басынан бері аталған емханада Damumed қосымшасы арқылы 191 мың адам дәрігердің қабылдауына жазылған.

«Тыныс» акционерлік қоғамында болған кездесу нәтижесінде электр қондырғысы бар мүгедектер арбасы өндірісін іске қосу жөнінде ынтымақтастық келісімге қол қойылды. Сапар соңында облыс әкімдігінде вице-министрдің қатысуымен кездесу өткізіліп, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау министрліктері мен облыстық әкімдіктің және «Даму» ЖШС-нің арасындағы өзара ынтымақтастық байланыс жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий