Мейірімділіктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» 2016 жылғы Жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні болып белгіленген-ді.

Алғыс айту күніне орай Краснояр селолық округінің әкімдігі «Көкше» мәдениет үйінің қызметкерлері және қалалық кітапхананың ұйымастыруымен  «Шын жүректен алғыс айтамын» атты шара өткізді.  Шара барысында «1 марта День благодарности казахам» атты бейнефильм қонақтардың назарына ұсынылды. Краснояр селолық әкімдігінің бас маманы Дәулет Бекмурзин селолық округ әкімі Базарбай Әбуовтың құттықтау сөзін жеткізді. Ардагерлер кеңесінің  төрағасы  Бабаназар Мұқашев Ұлы Отан соғысы кезінде жер аударылған түрлі халықтар туралы толық ақпарат берді. Неміс ұлтының өкілі Амелия Суслонова анасының айтқан әңгімелерін еске түсірді. Краснояр селолық округі әкімдігінің жетекші маманы  Саягүл Жұмажан Махмет Қожахметовтың «Ұлы достық» өлеңін оқып берді. Сонымен қатар «Көкше» мәдениет үйінің қызметкері Мейрамбек Мұқатайдың орындауында «Туған жер» әні шырқалды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс