Мейірім шуағы мол жан

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев мерейлі 80 жасқа толған ұлағатты ұстаз, оқу саласының ардагері Күләш Хазжанқызы Темір-баеваны мерейтойымен шын жүректен құттықтап, білім саласындағы әріптестерінің ыстық сәлемін жеткізді.
Көкшетау қаласының құрметті азаматы Күләш Темірбаева саналы ғұмырының 30 жылын шәкірт тәрбиелеу ісіне арнады. 1936 жылғы 22 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Қарағаш ауылында дүниеге келген ол арман жетелеуімен К.Ушинский атындағы Петропавл мұғалімдер институтын география және биология пәні бойынша бітірді. Сөйтіп, алғашқы еңбек қадамын Чкалов ауданында бастады. Сегіз жылдай қатардағы мұғалім бола жүріп, мектептің қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласып, әріптестерінің құрметіне бөленді. Көкшетау қаласына келгеннен кейін Күләш Хазжанқызы сол кезде облыс орталығында ашылған №9 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып істеді. Өзін іскерлігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен таныта білген ол бұдан кейін 27 жыл осы білім ордасының директоры қызметін абыроймен атқарды. Тікелей оның бастамасымен осында оқу процесін жетілдіру, ұстаздардың кәсіби біліктілігін арт-тыру бағытында бірқатар тың жобалар жүзеге асты. Кабинеттік оқу жүйесі енгізілді. Күләш Хазжанқызы зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қаланың қоғамдық өмірінен қол үзген жоқ. Ұзақ жыл «Мектеп» ассоциациясының атқарушы директоры болып істеді. Ұлағатты ұстаз қала мектептерінде, қоғамдық ұйымдарда жиі болып тұрады. Өйткені, өмірден түйгені мол жанның жастарға айтар ұлағаты көп-ақ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс