Мектептегі көшпелі қабылдау

«Нұр Отан» партия-сының Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов №21 орта мектепте азаматтарды қабылдау өткізді. Оған «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Нұрымова, қалалық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Ғайса, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары Әсен Жақсылықов пен Жанат Әбішев, тұрғын үй-коммуналдық кәсіпорындардың жетек-шілері қатысты.

Халық қалаулыларының қабылдауына келген «Жайлау» мөлтек ауданы 2, 37 «а» үйдің тұрғыны, І топтағы мүгедек Азамат Неғметжанов №21 орта мектеп жанынан мүгедектердің автокөліктерін қоятын тұрақ жасау жөнінде тілек білдірді. Ал, осы мөлтек аудандағы №60, 60 «а» және 62 үйлердің тұрғындары Нұрлан Омаров, Александр Шияпов, Ермек Қалымов үй маңдарын абаттандыру, жолды жөндеу, қоқыс салатын контейнерлерге тасалау жерден орын бөлу жөнінде өтініш жасады. Олардың айтуларына қарағанда, тұрмыстық жайсыздықтарға адамдардың өздері де кінәлі сияқты. Мәселен, жеке кәсіпкер С.Нұртазин өз үйінің шатырын жөндегенде құрылыстық материалдарды жолға жайып, адамдардың да, автокөліктің де қозғалысына кедергі жасаған. «Көкшетау Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорны су құбырларында ақауларды қалпына келтіргенімен, қазылған шұңқырларды дұрыстап жаппайды. Осындай жағдай 2016 жылдың 4 қазанында орын алыпты. Біржан сал көшесі 168 «а» үйдің тұрғыны Болат Сабыров Гейне көшесіндегі автокөлік қатынайтын жолға жөндеу жүргізу жөнінде көпшіліктің тілегін жеткізді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс