Мемлекеттік наградалар алды

Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық тұрғыдан дамыту жолындағы аса үздік жетістіктері үшін «Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы С.Ақшолақовқа және Қостанай облысының «Қарасу» СӨК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры А.Тұрсыновқа берілді. Сондай-ақ, Елбасының қолынан «Отан», І-ІІ-ІІІ дәрежелі «Барыс»,  «Парасат»,  ІІ дәрежелі «Достық», «Құрмет» ордендерін алған халқымыздың аяулы перзенттерінің арасында жерлесіміз Ақмола облысы «Агро фирма «TNK» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Б.Уәлиев, сазгер А. Қоразбаев, «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі, актер Қ.Тастанбеков, ақын С.Тұрғынбекұлы, әнші Р.Рымбаева, жазушы Р.Сейсембаев, актер Д.Жолжақсынов және басқалары бар. Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл- шаруашылығы және басқа материалдық өндіріс салаларының 72 жұмысшысы мен еңбеккері ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегерлері атанды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым, мәдениет және әлеуметтік саланың 53 көрнекті өкіліне берілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 539 адам наградталды. Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс