Мемлекеттік тілді үздік меңгергендер

Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мемлекеттік тілді меңгерген түрлі этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты онлайн-байқау өтті. 

Іс-шараға облыстың аудандары мен қалаларынан түрлі қызмет саласындағы 14 үміткер қатысты. Байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген түрлі этнос өкілдерін ынталандыру мақсатында өткізілді. Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар қысқа метражды бейнероликтер ұсынды, онда олар қазақ тілін үйренудегі жетістіктері туралы айтып берді, белгілі қазақ ақындары мен жазушыларының шығармаларынан үзінділер оқыды. Екінші кезеңде қатысушылар «Тіл мен Тәуелсіздік егіз ұғым» тақырыбында ой толғады. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға Целиноград ауданы, Арайлы ауылы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Анастасия Ирубаева ие болды. Екінші орынды Көкшетау қаласының «Zerek» балабақшасының тәрбиешісі Анастасия Кравченко, үшінші орынды Есіл ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы Игілік негізгі орта мектебінің педагог-психологы Радмила Бигужанова иеленді. «Өз басым мемлекеттік тілді меңгеру әрбір азаматтың парызы және міндеті деп білемін. Қазақ тілін меңгеріп қана қоймай қазақ тілінде балаларға білім беру мен үшін үлкен бақыт», – деп Анастасия Ирубаева өз ойымен бөлісті. Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Айта кетейік, байқаудың аймақтық кезеңінің жеңімпазы қараша айында өтетін республикалық байқауда Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий