Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру жалғасады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың Агенттік қызметінің 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындысы бойынша кеңейтілген  алқа отырысындағы баяндамасы, 20.07.2018ж.

Өткен жылы біздің негізгі күшіміз Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген тапсырмаларды сапалы атқаруға бағытталған болатын. Бүгінгі күні біз Ұлт жоспарының алғашқы бағытының  15 қадамынан 13-ін сәтті іске асырдық. Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары, мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамалар мен мемлекеттік аппараттың одан әрі даму басымдылықтары айқындылды. Басты бағыт – қалыптасқан кәсіби стратегиялық мемлекеттік қызметтен инновациялыққа ауысу бойынша негізгі міндет. Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауында атап өткендей, Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан сауда экономика моделі қалыптасты. Өткен жылдан бастап «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына бастама берген Еліміздің Үшінші жаңғыруы іске асырылуда. Жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан, қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын тиімді іске асыру нәтижесінде, жалпы ішкі өнім 4,1 (төрт те бір) пайызға (2016 жылғы 1% салыстырғанда) өсуіне қол жеткіздік. Оған сыбайлас жемқорлық шараларын қабылдау едәуір ықпал етті. Сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуі мен жалпы ішкі өнімнің өсуі арасындағы байланыстыру халықаралық валюта қорымен белгіленеді. Сыбайлас жемқорлықтан еркін, құқықтық мемлекетке ауысу шеңберінде азаматтарды және бизнесті сенімді құқықтық қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің цифрлық саласына максималды жағымды әлеуметтік-экономикалық және инвестициалық  ахуалды қалыптастыру қажет.

***

Мемлекет басшысының тапсырмаларын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, біз кәсіби-стратегиялық мемлекеттік аппаратты қалыптастырдық. Негізгі құрамдас бөлігі адами капиталдың сапасы болып табылатын инновациялық мемлекеттік қызметке көшу біздің келесі өршіл мақсатымыз болып отыр. Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жалдау әдістері жетілдірілуде. Басқарушы блок үшін міндетті түрде эссе жазу тәжірибесі енгізілді. Мемлекеттік басқару академиясында әлемнің белгілі жоғары оқу орындарымен бірлесіп әзірленген, тәжірибеге бағдарланған оқу бағдарламалары енгізілді.   Орталығы Академияда, филиалдары өңірлерде орналасқан мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай жүйесі құрылды. «Цифрлық академия» жобасы іске асырылуда. Мемлекеттік қызметшілерді әрі қарай кәсібилендіру және  ынталандыру мақсатында төрт органда пилоттық режимде  еңбекақыны факторлық-балдық шкала негізінде төлеу жүйесі апробациялануда. Қазірдің өзінде осы органдардың қызметкерлері өз жұмысы үшін бұрынғыға қарағанда орташа есеппен екі есе көп жалақы алады. Жұмыс тиімділігінің нәтижелері бойынша бонустар 4 айлық еңбекақыдан бастап, одан да жоғары болады. Біз осы бағытты іске асырудың белсенді фазасына көштік. Қазіргі таңда аралық қорытындылар оң кадрлық динамика мен бәсекелестіктің өсуін көрсетіп отыр. Үш пилоттық органдағы кадрлардың жылыстауы (Агенттік, Астана қ. мен Маңғыстау облысының әкімдіктері) 2 есе төмендеді, бір орынға конкурс 3 есе өсті. Ал Әділет министрлігінде ауысымдылық минимумға келтірілді және шетелде білім алған қызметкерлерді қабылдау 2 есеге артты, бұл ағылшын тілін меңгерген қызметкерлердің санын 6%-ға арттырды. Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу трансформациялық процестерді бастады. Сіздердің көбіңіз Парето қағидатын жақсы білесіздер. Ол қағидаға сәйкес 20% қызметкер ұйымдағы жұмыстың 80% атқарады. Менің ойымша, бұл ара салмақ мемлекеттік қызмет үшін де қандай да бір дәрежеде әділ болып келеді. Алты ай бұрын Агенттіктің орталық аппаратының штат санын 30%-ға, аумақтық бөлімшелерде – 10%-ға оңтайландырдық, бұл деңгейді 20%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Қолданылған шаралар қызметкерлердің жалақысын орталық деңгейде қосымша 60%-ға көтеруге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңдағы оңтайландыруға бағытталған тренд Елбасының талабы екенін ерекше атап өткімкеледі. Жүргізіліп отырған оңтайландыруға қарамастан, экономикалық ынталандырудың арқасында Агенттіктің жұмысы тоқтап қалған жоқ, керісінше, жұмыс  тиімділігі  көзге түсерліктей арта түсті. Енді әр қызметкер қысқа мерзімде нақты нәтижеге қол жеткізуге мүдделі. Кадрлық құжатайналым бойынша Ортақ қызмет көрсету орталығын құрдық. Бүгінде, біз, одан әрі алға басамыз және мемлекеттік сатып алу мен заң қызметтерін орталықтандырамыз. Осылайша, біз 147 кадрлық бірлікті қысқарттық. Жыл сайынғы үнемділік 432 млн. теңгені құрайтын болады. Үнемделген қаражатты мемлекеттік орган тиімді және адал еңбекті ынталандыруға бағытталған үстемелер есебінен жұмысшылардың еңбекақысын көтеру үшін қолдануға құқылы(Бюджет кодексінің 53-бабы). Бүгінгі таңда елімізде 2 трлн. теңге жалақы төлеу қоры бар ведомстволық бағынышты ұйымдарда 1,5 млн. адам жұмыс істеуде. Үкіметте оларды оңтайландыру және топтастыру мәселесі көтерілуде. Қабылданған шаралар ішкі резервтермен бірге факторлы-балдық шәкіл негізінде кезең-кезеңімен жалақы төлеудің жаңа жүйесіне өтуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде біз әкімшілік шығындарды, сонымен қатар ведомстволық бағынышты ұйымдардың қызметі мен құрылымдарын оңтайландыру сұрақтарын қарастырудамыз. Басшылар міндетті түрде босатылған қызметкерлерін оқытып әрі жұмыспен қамтуға міндетті болады.

***

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде  мемлекеттік қызметшілерге бәсекеге қабілетті еңбекақы төлеуден басқа, қомақты әлеуметттік қолдау көрсетіледі. Мемлекеттік аппараттың   жұмыс беруші ретіндегі тартымдылығын арттыру мақсатында, біз қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз етуді  күшейту мәселесін қараудамыз.  Қазіргі таңда жеңілдікпен тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мен зейнетақы жүйесін енгізу, денсаулықтарын қалпына келтіру үшін жағдай жасау мәселелері қарастырылуда. Біз Алматы облысында өз қызметкерлерімізді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін іс жүзінде шештік. 2 көп пәтерлі үйдің құрылысы аяқталуда(60 пәтер және 40 пәтер). Астана қ. мен Ақмола облысында осы іспеттес жобалар бастау алды. Өзге өңірлердің әріптестерінен үлгі алғаны жөн. Сонымен қатар, Елбасының тұрғын үйді жеңілдікпен алуға мүмкіндік беріп отырған «7-20-25» бастамасының әлеуетін белсенді пайдалану қажет.  Агенттіктің тағы бір жобасы – жұмыс уақытының икемді кестесін орнату. Балаларын күнделікті бақшалар мен мектептерге апару қажеттілігі бар қызметкерлер үшін жұмыс күні таңертеңгі сағат 9.30-да басталады. Сонымен қатар, қызметкерлердің үштен екі бөлігі түскі үзіліс уақытын ұзартуға ниет білдірді. Олар үшін жұмыс күні жарты сағатқа кеш – 19.00 сағатта аяқталады. Мұндай тәсілдер басқа мемлекеттік органдарда қолданылады(Инвестициялар және даму министрлігінде). Жоба оң сынақтан өткен жағдайда мемлекеттік қызметке таралатын болады.

***

Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» идеясы аясында мемлекеттік қызметшілер  «Ізгі істер» бастамасы аясында бірқатар әлеуметтік жобаларды іске асырғаны өздеріңізге мәлім. «Біздің міндет- халыққа қызмет» ұранының мағынасы сол жобалардың негізінде қалыптасқан. «Алға басу – движение вперед» қайырымдылық жүгірісіне назарларыңызды аударғым келеді. Еліміздің мемлекеттік қызметшілері «Қайырымдылық» ерікті қоғамы» қорына 11миллион теңгеден астам қаражат жіберді. «Өзгерістерді өзіңнен баста» жобалық командасының қызметі ерекше бақылауға алынған. Әріптестер, күнделікті жұмыстарыңызды атқара отырып, бірінші кезекте халыққа қызмет етіп отырғандарыңызды есте сақтаңыздар. Қызметті шын ниетпен атқару керек!

***

Халыққа сапалы қызмет көрсету – маңызы зор басымдылық. Сервистік мемлекетті құру мақсатында мемлекеттік қызметтерді  ауқымды автоматтандыру және мемлекеттік органдардың дерекқорларын кіріктіру жұмыстары жүргізілуде. Үкіметпен бірлесіп белсенді түрде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде «электрондық үкімет» порталымен кірігу жартыжылдықта 15%-ға өсті (тұтастай алғанда 27%, 400-ден астам жүйенің 107-сі), бұл ретте өткен 10 жыл ішінде (2008-2017ж. аралығында) бұл көрсеткіш 12%-ды ғана құраған болатын(50 жүйе).  Нәтижесінде бүгінде мемлекеттік қызметтердің 78%-ы (2017 жылы – 73%) электрондық түрде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі, бұл тұрмыстағы жемқорлықтың үштен екіден астам көрсеткішке азаюына мүмкіндік берді. Бұған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы маңызды серпін береді.Бағдарламаның іске асырылуына біздің қосар үлесіміз – мемлекеттік қызметтерді бұдан әрі қарай жеделдетіп электрондық форматқа көшіру. Соңғы 2 жылда мемлекеттік органдар тарапынан жіберілген бұзушылықтар 8 есеге азайды (2016 ж.800 мыңнан ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 100 мыңға дейін), соның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтамау 4 еседен астам көрсеткішке азайды (2016 ж. -13,4 факт, 2017 ж. – 3,1факт).  

Түсіндірулердің сәйкес келмеушілігін болдырмау (жекелеген құқықтық актілердің арасында 180-ге жуық сәйкес келмеушілік анықталды, ережелер мен регламенттердің бір-бірін қайталауы 60% құрайды) және мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңтайландыру  мақсатында Агенттік мемлекеттік қызметтің бірыңғай стандартын енгізу жөнінде нақты ұсыныстар берді. Аталған мәселе Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп қарастырылуда.

 ***

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдебін қамтамасыз етуде Әдеп жөніндегі кеңестер мен уәкілдер маңызды орын алады. Олардың жұмысында этикалық бұзушылықтардың алдын алуға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға және оң моральдық-психологиялық ахуалды толығымен қалыптастыруға назар аударылған. Әдеп жөніндегі уәкілдердің институты өздерінің мүмкіндіктерін дәлелдеді. Бұның дәлелі —  соңғы екі жылдағы оларға келіп түскен өтініштердің 10 еседен астам артқаны (2016 ж. 445 азамат, 2017ж. – 3461, 2018 жылдың 1 жартыжылдығында – 6491). Азаматтардың жүгінуіне байланысты тексерулердің саны  былтырғы жылмен салыстырғанда 40%-ға өсті. Бұл халықтың сенімінің өсуінің, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің бейәдеп мінез-құлқы туралы хабарлауға әзір азаматтардың үлесінің артуының  көрсеткіші

***

Мемлекет Басшысы тапсырмаларының аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс жалғасуда. Оның алдын алудың пилоттық режимде іске қосылған жаңа құралдары өзінің тиімділігін дәлелдеді. Мемлекеттік басқаруға жобалық менеджментті енгізу орын алып отырған проблемаларды дер уақытында шешу тетігі болып табылды.  Үш жобалық офис белсенді жұмыс істеуде, меңгерілген тәжірибе Республикамыздың барлық өңірлеріне таратылатын болады. Басты мәселе – азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту, азаматтардың, кәсіпкерлердің және шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғау. Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бизнес-қауымдастық ішінде оң резонанс тудырды. Біз ірі инвесторлар мен шетелдік сарапшылардың айтарлықтай қызығушылығын көріп  отырмыз. Бастаманың бастау алғанына толық бір айға жетпей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен 750 миллиард теңгеден астам сомаға 20 инвест-жоба қамтылды.  Аталған тәжірибені еліміздің барлық өңірлерінде енгізбекпіз. Осылайша, Агенттік мемлекетіміздің экономикалық дамуы мен жалпы ішкі өнімнің өсуіне өз үлесін айтарлықтай ұлғайтады. Агенттіктің кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерді қатаң түрде, бұлтартпай тоқтататындығына   ешкімнің де күмәні болмауы керек. Атап айтқанда, бұл Қазақстанда қолайлы бизнес-ахуалды қалыптастыруға қатысты. Болмашы заңсыз араласу, мерзімдерді созу немесе басқа «бюрократиялық» тәсілдер қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа қарсы сын болып есептеледі.Басқарушылық шешімдер қабылдайтын лауазымды тұлғалардың жеке мүдделері мемлекеттік мүддеге қайшы болмайды және  болуы мүмкін емес. Бүгінгі таңда біз өңірлік Департаменттердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы жұмыстарының нәтижелерін бағалау тәсілдерін қайта қарадық. Бағытымыз жұмыс жасау үрдісінен нақты нәтижеге қол жеткізуге ауысты. Бізге үйреншікті қылмыстық схемаларды бұзып, сыбайлас жемқорлық көріністерінен қанша адамды қорғағанымыз маңызды. Тұрмыстағы жемқорлықты түбегейлі жою Агенттіктің ең негізгі мақсаттарының бірі болып қала бермек. Жақын арада «Саналы ұрпақ» жобасының аясында біз әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар еліміздің жоғары оқу орындарына енгізіледі. Жүргізіліп отырған барлық іс-шаралар азаматтық қоғам институттарымен тығыз әріптестікте іске асырылады. Қазіргі таңда қалыптастырылған іс-қимыл мен әріптестік сындарлы арнада дамитын болады.  Бюджет қаражаттарының, соның ішінде бюджеттің төртінші деңгейіндегі қаражаттардың мақсатқа сай пайдалануына азаматтық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған  «Қоғамдық бақылау картасына» айрықша назар аударылуда. Негізгі құндылықтары  жемқорлық көріністеріне немқұрайлы қарамайтын азаматтар болып табылатын Арнайы мониторингтік топтардың алар орны ерекше. Олар қоғамның зор сеіміне ие. Агенттіктің күш-қуатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-қимылының Стамбулдық жоспарын іске асыруға бағыттау  қажет. Атап айтқанда пара беруге уәде беруді/ұсынуды криминализациялау, шығытарды жалпыға ортақ декларациялау жолымен заңсыз баюға қылмыстық жауапкершілікті орнату. Біз рухани-адамгершілік ұстанымдарды дамыту арқылы сыбайлас жемқорлыққа берік иммунитет пен мүлде төзбеушілік қағидатын қалыптастыра отырып, азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған шараларды қолдануымыз керек.

 

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий