Мемлекеттік қызметші күніне арналды

 18 маусымда Көкшетау қаласында Мемлекеттік қызметші күні құрметіне веложарыс өткізілді. Салауатты өмір салтын насихаттайтын қызықты бұл шараға әр жастағы үміткерлер өздерінің велосипедтерімен келіп, жарыс жолында бақ сынасты.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Ақмола облысы бойынша департаментінің жетекшісі Қуаныш Жапақовтың айтуына қарағанда, мұндай шара спорттың бұқаралық сипат алуын кеңінен насихаттаумен бірге адамдардың көңіл-күйін көтеріп, өнімді еңбекке жігерлендіреді. Веложарыс та спорттық шара болғанымен мұнда жеңімпаздар да, жеңілгендер де болмайды. Оған қатысушылар бір сәт дене тәрбиесі мен спортқа деген өздерінің әуестіктерін, құштарлықтарын білдірумен бірге басқаларға да үлгі-өнеге көрсетері сөзсіз. Веложарысқа қатысушылардың құрамына келетін болсақ, мұнда өрімдей жас жігіттер мен қыздардан бастап, самайын қырау шалған қариялар да бар. Мәселен, Борис Дмитриевич Желдыбкин биыл 88 жасқа толады екен. Соған қарамастан қария жастармен бірге велосипедке отырып, жанкүйерлердің де ыстық ілтипатына бөленді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс