Мемлекеттік қызмет жүйесін автоматтандыру – маңызды міндет

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың қатысуымен «Әкімшілік тәжірибенің рәсімдерін автоматтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың барысы туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға облыстық және қалалық ішкі істер бөлімдері мен ІІД басқармаларының қызметкерлері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин мемлекеттік мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің негізгі тәсілдерін түсіндірді. Оның айтуынша, Ұлт жоспарының 94,96 қадамдарына сәйкес, электронды құжат айналым жүйесі енгізілді, нәтижесінде іс-қағаздарын жүргізу процесі елеулі оңтайландырылып, автоматтандырылды. «Ашық үкімет» мемлекеттік корпорациясын пайдалану бойынша ережелері келісілді. Мемлекеттік қызметтерді регламенттеу жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілуде. Көкшетау қалалық прокуратура бөлімінің прокуроры Абылайхан Хангелдиев мемлекеттік жүйені автоматтандыру ең алдымен қағазбастылықты азайтуды, азаматтар мен заңды тұлғалар тарапынан түскен хаттар мен өтініштердің орындалуын бақылау жөніндегі жұмыстарды жақсартуды, талдау жұмыстары сапасын арттыруды көздейтінін жеткізді. Бағдарлама қызметкердің «қағазын қолына алып» кабинет-кабинетке жүгірмей, ол қағаздарға қол қойдырып, мөр бастыру үшін басшылардың қабылдау бөлмесі алдында кезекке де тұрмай, құжаттар жобасы туралы алыстан-ақ келісе беруіне, электрондық құжатты қағазға шығармай-ақ, оларды көбейтпей-ақ көптеген мекенжайларға жолдай беруіне мүмкіндік береді. Шарада ішкі істер органдарының өкілдері қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмыстарды ашу мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында айтарлықтай маңызды рөлді сыртқы бейнебақылау камералары атқаратынын атап өтті. Іс-шара соңында ішкі істер органдары салаларында жемқорлық көріністерін болдырмау міндеттері қойылып, нақты ұсыныстар берілді.

Ә.Құлжанова.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс