Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп мемлекеттік қызмет мектебін ашты.

Мемлекеттік қызмет мектебін ашудағы басты мақсат – талантты, сауатты, білімді, жауапты, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілеті бар жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Мектептің ашылуы рәсіміне Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Берген Беспалинов және мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Әлібек Баймағамбетов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жоба Ақмола облысындағы жоғары білім ордаларында оқып жатқан, келешекте тағдырын мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін жастарға арналған. Осы мақсатта Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп студенттер арасында іріктеу жүргізді. Іріктеу нәтижесі бойынша Көкшетау қаласындағы жоғары оқу орындарынан таңдап алынған 20 студент тағылымдамадан өтетін болды. – Ақмола облысының мемлекеттік қызмет мектебі келешегі зор жастар мен мемлекеттік органдарды байланыстыратын көпір болатынына сенім мол. Мектептің басты міндеті Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бағытында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда жоғары білікті, құзыретті, келешегі бар жастарды даярлау, – деп атап өтті Берген Беспалинов.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий