Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет

Көкшетауда Мемлекеттік қызметші күніне орай, саланың дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ мемлекеттік қызметшіге құрмет көрсетіліп, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі мен облыс әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.

Биыл аталған мереке Астана қаласының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің құрылғанына жиырма жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. «Көкшетау» мәдениет сарайында өткізілген салтанатты шара шымылдығы мемлекеттік қызметке жаңадан келген жастардың ант қабылдау рәсімімен ашылып, облыс әкімі аппаратының басшысы Қанат Шөкенов құттықтау сөз сөйледі. Бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің саны 90 мыңнан асады. Соның ішінде Ақмола облысындағы 707 мемлекеттік органдарда 6 мың мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Олардың ішінде ғылым кандидаттары, «Болашақ» бағдарламасының және мемлекеттік басқару академиясының түлектері бар. Бүгінгі күні облыстағы мемлекеттік қызметшілердің төрттен бір бөлігі – 29 жасқа дейінгі жастар. Мемлекеттік қызметке қосқан үлесі үшін облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Жанар Темірхановаға «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі табыс етілді. Мереке иелерінің тағы бір тобы облыс әкімінің, сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий