Мемлекетіміздің мызғымастығының күзетінде

 «Көкшетау» мәдениет сарайында 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты жиын болып өтті. Сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин құттықтады.

Ішкі тыныштықты сақтау, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу және сыртқы күштердің шым-шытырық жолдармен республика тәуелсіздігіне көлеңке түсіру ниеттеріне қарсы тосқауыл қоюда Ұлттық қауіпсіздік комитетіне үлкен міндет жүктеледі. Қазіргідей шет елдермен экономикалық, мәдени, ғылыми байланыстардың тереңдей түскен кезеңінде комитет қызметкерлеріне артылар жауапкершілік те көбейе түскен. Қызметкерлердің сіңірген еңбегі де елеусіз қалған емес. Отан алдындағы қалтқысыз қызметтері мемлекет пен үкімет тарапынан лайықты бағасын алуда.
Өзінің құттықтауында облыс әкімі: «Мемлекет басшысының үнемі қолдауына ие мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік органдары бүгінде кәсіби шыныққан кадрлармен, қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген, арнайы жасақтарға қойылатын барлық заманауи талаптарға сай құрылымға айналды. Күштік құрылымдардың бас-ты ерекшеліктері – Отанға қалтқысыз қызмет етуі, жұмысына деген жауапкершілігі, қайсарлығы мен өжеттілігі болып табылады. Біз сіздерді мақтан тұтамыз. Сіздер күнделікті өз қызметтеріңізді кәсіби жоғары деңгейде мүлтіксіз орындап, еліміз бен оның әрбір азаматының тыныштығын сақтап келесіздер. Алдағы уақытта да еліміздегі тұрақтылық пен мемлекеттің конституциялық негіздерін нығайту жолында жұмыстарыңызды асқан шеберлікпен орындайтындықтарыңызға сенім білдіремін», – дей келе, бірнеше қызметкерді облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.
Жиын барысында мінсіз орындаушылық тәртібі мен қызметтік іс-қимылда қол жеткізген оң нәтижелері үшін бірқатар қызметкерлерге «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне – 25 жыл» медалі, ардагерлерге Құрмет грамоталары табыс етілді. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс