Мемлекет басшысы көктемгі егіс жұмыстарымен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада Ақмола облысы, Целиноград ауданына жұмыс сапарымен келді. Президент сапары «Hevel Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты күн электр- станциясының жұмысымен танысудан басталды. Аталған нысан биыл пайдалануға берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы «жасыл энергетиканы» дамыту перспективасы жайында баяндалды. Қуаттылығы 100 МВт болатын электр станцияның құрылысына 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынған. Станция жылына 148 миллион киловатт сағат электр қуатын өндіреді. Құрылыс жобасын салу барысында компанияның өз әзірлемесі, атап айтқанда, гетероқұрылымды екі- жақты күн модулі секілді инновациялық технология пайдаланылған. Мемлекет басшысы Қазақстандағы жаңартылатын қуат көзін пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, электр станциясының қызметкерлеріне табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев біздің өңірге сапары барысында «Ең-Дала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауылшаруашылығы алқабын аралап көрді. Қазақстан Президентіне агроөнеркәсіптің техникалық жабдықталуы мен өнімді арттыруға бейімделген жер өңдеу технологиялары, сондай-ақ, А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы әзірлеген элиталық тұқымды пайдалану жөнінде мәлімет берілді.
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысына аймақтағы агроөнеркәсіп кешені, егін және мал шаруашылығын дамыту жос-пары, сондай-ақ, елорда тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады.
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі көктемгі егіс жұмыстарының барысы және отандық ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерді қолдау мақсатында қаржы бөлу жөніндегі тапсырмалардың орындалуы жайында есеп берді. Қазақстан Президенті мемлекет тарапынан аграрлық секторды дамытуға баса мән беріліп отырғанын атап өтіп, ауыл- шаруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдаланудың маңыздылығын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев аймаққа жұмыс сапары барысында керамикалық тас пен кірпіш өндіретін «Astana Ceramic» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Президентке аталған жобаға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары туралы айтылып, құрылыс материалдарын өндіру технологиясы таныстырылды. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі құрылыс индустриясының дамуы және Жұмыспен қамту жол картасының жүзеге асырылуы жайында баяндады. Мемлекет басшысы аймақтағы құрылысты сапалы салудың, барлық инфрақұрылымдық жобалар мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды жөндеу жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

 

Akorda.kz.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий