Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы және «Казақтелеком» акционерлік қоғамы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жұмысы бойынша бірыңғай байланыс орталығын іске қосты.

Орталықтың жұмысын «Қазақтелекомның» еншілес компаниясы – «KT Cloud Lab» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қамтамасыз етеді. Байланыс орталығы тәулік бойы, үзіліссіз, мына нөмірлер бойынша жұмыс істейді: 1440 және 8 800 080 Қазақстан Республикасының аумағындағы ұялы байланыс абоненттері үшін және стационарлық телефондардан қоңырау шалу тегін.

Кеңеске Президент Әкім-шілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы В.Жұмақанов, Бас прокурор Ж.Асанов, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы А.Күреңбеков, Қорғаныс министрі С.Жасұзақов, Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғ.Байжанов, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы А.Есімов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары С.Әбіш қатысты. Басқосуда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізудің жалпы тәртібі және оны өткізу кезінде Елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.Мемлекет басшысы алдағы іс-шараны дайындау және оны сапалы өткізу үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті. – Біз шешуші сәтке – көрменің ашылуына таяп қалдық. Қазақстанның астанасына келетін қонақтар саны көп болады. Бүгінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне 1,2 миллион билет сатылған екен. Бұл – біз күткендегіден әлдеқайда көп, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі жағдайдың тұрақсыз екенін ескере отырып, көрмені өткізу кезінде қонақтар мен ел азаматтарының қауіпсіздігін Астанада ғана емес, барлық өңірімізде де жоғары деңгейде қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Бұл үшін әр басшыға жеке жауапкершілік жүктеледі. Мемлекет басшысы кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс